Бу қысымы- құрам, қайнау температурасы –құрам диаграммасы

Қос сұйық жүйенің тепе-теңдік күйінің жиынтығы х,р изотермиялық диаграммасымен сипатталады, онда жалпы бу қысымының сұйықтың құрамына және бу құрамына тәуелділік қисықтары келтірілген. 3-4 суреттерде осындай диаграммалардың мүмкін болатын типтері келтірілген.

Сурет 3- Қос сұйық жүйенің экстемумсыз құрам-бу қысымы диаграммасы Сурет 4- Қос сұйық жүйенің максимумы бар құрам-бу қысымы диаграммасы

Алдымен, 3- суреттегі диаграмманы қарастырайық. Бу қысымына В/СА/ қисығы сұйық құрамының функциясы ретінде, ал В/ДА/ қисығы – бу құрамының функциясы ретінде сәйкес келеді. Біріншісі – сұйықтың қисығы, ал екіншісі – бу қисығы деп аталады. В/ және А/ нүктелері таза компоненттердің қысымдарына сәйкес келеді. Х,р диаграммаларында сәйкестік принципі сақталады: бу қисығынан төмен жатқан ВВ/ДА/А аймағы қанықпаған, құрғақ бу күйіне сәйкес келеді, ал сұйық қисығынан жоғарыда жатқан аймақ сұйық фазасына сәйкес келеді; ал қисықтар арасында жатқан В/СА/ДВ/ аймағы сұйық пен будың гетерогенді жазықтығы болып табылады (қаныққан немесе ылғалды бу). Тұрақты температурада екі фазалы жүйе моновариантты болғандықтан, әрбір таңдап алынған қысымға екі фазаның да белгілі бір құрамдары сәйкес келеді; олар бу мен сұйықтың қисықтарында болады. Мысалы фигуративтік нүктесі М болатын буды алайық. Қысымды арттырған кезде бұл нүкте mM түзу сызығымен жоғары қозғалады, егер бу құрамы (m нүктесі) өзгермесе. Р нүктесіне жеткен кезде, яғни бу қисығына, будың конденсациясыбасталады және сұйықтың алғашқы тамшылары Q нүктесіне сәйкес келеді. Қысым mM/ дейін артқанда жүйе сұйық (С нүктесі) пен бу (Д нүктесі) қоспасынан тұрады. Олардың салыстырмалы мөлшерін рычаг ережесі бойынша анықтауға болады.



Сұйық мөлшері/ бу мөлшері = DM//M/C

Қысым mM// кесіндісімен бейнеленетін шамаға дейін өскен кезде бу сұйыққа конденсирленеді. Қысымды одан әрі арттырғанда жүйенің фигуративті нүктесі сұйықтың жазықтығына өтеді.

4- суреттің айырмашылығы онда m нүктесінде экстремум бар, онда сұйық пен будыңқисықтары бір-біріне жанасады.

Азеотропты қоспалар.

Егер біз, сұйық азеотропты қоспаны (М нүктесі, 4 сурет) алатын болсақ, онда m нүктесінде бу түзіле бастайды. Коноваловтың екінші заңына сәйкес бу мен сұйық бұл нүктеде бірдей құрамға ие болады. Жүйедегі басқа кез келген қоспалардан айырмашылығы азеотропты қоспа қысымды одан әрі төмендеткенде құрамды өзгертпестен буға айналады. 3-4 суреттер Коноваловтың 1-ші заңының әділдігін дәлелдейді.

Таралу заңы.

Өзара араласпайтын екі сұйық арасында бірнеше заттың таралуы Нернст заңына бағынады: екі фаза арасындағы басқа компоненттердің таралуы ондағы өзге қосылыстардың бар-жоғына, мөлшеріне тәуелсіз, тек таралатын компоненттердің меншікті таралу коэффициентімен ғана анықталады.


4223597923068451.html
4223632421862490.html
    PR.RU™