Диагностикасы

Диафаноскопиялық зерттеуінен гаймор қойнауының көлеңкеленгені байқалады. Рентгенограммадан қойнаудың көрнісі, сау жағымен немесе маңдай қойнауымен, көзұясымен салыстырғанда, күнгірттеніп немесе көйленкеленіп тұрады, альвеолалық өсіндіден – ұраның іріңдеуін, тіс түбір ұшы аймақтарынан қабыну процесінің созылмалы периодонтиттеріне тән клиникалық белгілерін және гаймор қойнауы түбінің сүйек табақшасы бұзылуын көруге болады Гаймор қойнауының жоғарғы-медиальді кабырғаларының көрнісі, риногенді гайморитпен салыстырғанда, аз өзгеріске енеді

Гаймор қойнауын мұрынның төменгі өтісінен немесе ауыз қуысының өтпелі қатпарынан тесіп (Куликов инесімен пункция жасап) іріңді жалқықты сорып алуға болады. Қанның зеіттеулерінен лейкоцитоз, ЭШЖ және таяқшаядролы лейкоциттер саны өсуі анықталады; С-реактивті ақуыз пайда болады.

Емі

Жедел одонтогенді гаймориттің консервативті емінде мына мақсаттар көзделеді:

гаймор қойнауынан қабыну процесі барысында бөлінетін жалқықтың еркін шығуын қамтамасыз ету; инфекцияның көзін жою; гаймор қойнауында өтіп жатқан инфекциялық процесін тежеу; ағзаның инфекцияға қарсу тұру күшін арттыру.

Одонтогенді инфекцияны тудырған «себепші» тісті емдеу немесе жұлу қажет, сүйекқабы астынан жалқықтың бөлінуін қамтамасыз ету үшін отпелі қатпар бойымен жұмсақ тіндер сүйекке дейін тілінеді,

физиотерапиялық ем жүргізіледі (УЖЭТ,солюкс). Қажеттілігіне қарай антибиотик емі, аналгетиктер, дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Мұрын жолдары бітіліп тыныс алуы кедергіленетін болса, ostium maxillarae кеңейту үшін мұрынға (кілегей қабықтың қан тамырларын тарылтып, домбығуын басуға) дәрі жағады немесе ерітінділер тамызады (2% эфедрин ерітіндісі, 0.1% адреналин, 1-2% дикаин, кокаин, санорин, нафтизин немесе дефлогин). Қабыну процесін тудырған тіс уақытылы емделетін болса немесе жұлынса, қосымша ем тағайындаудың қажеті де болмайды. Инфекциялық процесін тудырған тісті жұлғанда немесе тіс жұлынғаннан кейін тіс ұяшығын қырғыш қасықпен тазартқанда, гаймор қойнауының түбі тесілуі мүмкін. Сол себептен, жұлынған тістің ұяшығын өңдегенде аса сақтық және мұқияттылық қажет, тіс ұяшығы тексерілгенде күш түсірілмеуі тиіс.



Жүргізілген ем нәтиже бермесе, гаймор қойнауынан жалқықтың шығуы кедергіленсе, мұрынның төменгі өтісінен гаймор қойнауының ішкі қабырғасын тесіп немесе жұлған тіс ұяшығында қалыптасқан тесіктен (жылан көзінен) жоғарғы жақсүйек қойнауын антисептик ертінділермен жуып-шаю қажет. Ол үшін антисептик ерітінділер (риванол, калий перманганаты, фурацилин хлоргексидин және т.б.) немесе антибиотиктер, протеолитикті ферментер (трипсин, химотрипсин) қолданылады. Жедел және созылмалы гаймориттерде жоғарғы жақсүйек қойнауын 0,5% этонии ертіндісімен және 0.5% декаметоксин ерітіндісімен өңдеу жақсы нәтиже береді (С.М.Соломенный және т.б., 1979).


4225235047015720.html
4225287759818332.html
    PR.RU™